Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анам үшін ұялатынмын": Ләйлә Сұлтанқызы өз өкінішін айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала күнін есіне алып, анасының басынан өткен ауыр жағдайларды баяндады. Ақпарат өкілі ана қадірі тақырыбын қозғап, өз өкінішін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағының естеліктерін Instagram парақшасында бөлісті. Ол кішкентай кезіндегі әрекеттері туралы айтып, олар үшін қатты ұялатынын жеткізді.

"24 жасар Дишинкам мен 1 жасар мен. Анаңыздың көзінде мұң бар деп кейде оқырмандарым жазып жатады. Қалай болмасын? Мен бұл кісілердің көрген қиындықтарын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қайта құру кезінде шемішке сатып, нан пісіріп, ала дорбасын арқалап ел-жер кезіп, сауда жасап, бізді өсірді. Ененің қолында тұрды. Ерте күйеуі қайтыс болды. Артынан енесі мен үлкен ұлы дүниеден озды. Мұндай ауыртпашылықты көп адам көтере алмайды. Жағдайды қабылдау ең қиыны екенін өзім ана болғаннан кейін ғана түсініп жатырмын.

Баламыз ғой, бір оқиға есіме түсіп отыр. Кезінде көшеде шемішке, құрт сатып апалар тұратын еді ғой, менің де мамам сатпай ма… Сол кезде ұялып "Дишинка, сізді көріп қойса, достарым мені мазақтайды, басқа жаққа тұрыңызшы" деп ренжитінмін. Қазір есіме түссе, өз іс-әрекетіме ұяламын, рас.Мені көп аналар оқитынын білем, балаларыңыз абайсызда ауыр сөз айтса, ренжімеңіз уақыт өте өкінетін болады. Ал анасы бар оқырман оқып отырса, қателік жасамаңыздар. Көзі тірісінде сыйлаңыздар, жақсылық жасаңыздар, ертең кеш болып қалуы мүмкін", - деп жазды ол.

Тележүргізушінің айтуынша, бүгінде анасы қажылықта жүр.

"Қазір анам кіші қажылықта жүр, ағамның баласымен. Ұшар алдында саған егіз қыз сұраймын деп қояды. Жаным Дишинкам. Кіші қажылықта жүрген әрбір жанның дұға-тілектері қабыл болсын", - деп жазды Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызының марқұм ағасының аманатын орындап, анасының туған күніне қажылыққа жолдама сыйлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966257-dostarym-mazaqtaidy-dep-anam-usin-uyalatynmyn-laila-sultanqyzy-oz-okinisin-aitty/

pixel