Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алланың әрбір сынағына рахмет": Жарқынай Ханайым өміріндегі өзгерістер туралы айтты

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Отандық танымал әнші Жарқынай Ханайым өмірінде бірқатар өзгергіс орын алып жатқанын хабарлап, оқырмандарымен бөлісті. Өнер иесі өмірі жақсы жаққа қарай өзгеріп жатқанына аса қуанышты екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жарқынай Ханайым өзінің өзгерістері жайлы Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде сыр шертті. Ол басынан өткен әрбір сынақ үшін жаратушыға алғысын білдірді.

Әнші ару бүгінде өмірінің жақсы сәттерін кешіп жатқанын айтты.

"Өте көп өзгеріс орын алып жатыр. Осыдан біраз уақыт бұрын түсінбей, ренжіген едім "неге бұлай болып жатыр" деп. Қазір бәрін түсініп жатырмын. Алланың жоспарынан мінсіз жоспар жоқ. Әрбір берген сынағына рахмет. Шүкір Аллаға. Қазірше біразын айтқым келмейді", - деп жазды ол.

Жарқынай Ханайымның Stories-i
Скриншот: Instagram/jarkynaixanaiym

Оған қоса әртіс көңіл-күйі болмаған кезде не істейтінін айтып берді.

"Позитивті адамның істейтін нәрсесі көп қой. Жұмысқа кірісіп кетемін. Кино көремін. Ешкіммен сөйлеспеймін. Күшті тамақтанатын жерге барамын. Шопинг, вокал. Табиғатқа кетемін. Энергияны көтеретін нәрсе жасаймын", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966359-allanyn-arbir-synagyna-raxmet-zarqynai-xanaiym-omirindegi-ozgerister-turaly-aitty/