Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Индира Расылхан ауруханаға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Индира Расылхан кітап оқып тұр
Фото: Instagram/indirarasylkhan

Отандық танымал әнші Индира Расылхан денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы өнер иесінің өзі әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Индира Расылхан Instagram парақшасында жедел жәрдем көлігінен фото жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды.

Белгілі болғандай, әншінің дене қызуы көтеріліп, ол дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Оған қоса әртіс ораза ұстап жүргенін айтты.

"Түркияда қыс бойы ауырмаған едім. Қазақстанға келгелі бір айда екі рет денсаулығым сыр берді. Дене қызуым қатты көтеріліп жатыр. Коронавирус жұқтырған сияқтымын. Ораза тұтқаннан кейін бір күн бойы дәрі ішпей шыдадым. Ертең ұстамасам болатын шығар", — деді Индира Расылхан.

Өнер иесі өзі үшін алаңдаушылық танытқан қалың көпшілікке алғысын білдіріп, жағдайымен бөлісті. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

Индира Расылхан тезірек Стамбулға балаларының қасына барғысы келетінін жеткізді.

"Баршаларыңызға Алла разы болсын. Алла мол сауаптан жазсын. Ауруханаға жату дегенді қабылдай алмаймын. Дәрігерлердің жолдамасын алдым. Емделіп жатырмын. Стамбулға Алла аман жеткізсінші", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966372-ansi-indira-rasylxan-auruxanaga-tusip-qaldy-video/

pixel