Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Димаш Құдайберген туралы жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Әнші
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлеуметтік желіде белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің ел тұрғындарын "Алға Қазақстан" оппозициялық партиясына шақырғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Stopfake бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

Өнер иесінің қазақстандықтарды жаңа партияға кіруге шақырғаны туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі qazinform24 тобында жарияланды.

"Бұл парақшада шынайы және сенімді ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Аккаунтта тек ойдан шығарылған "жаңалықтар" ғана шығарылады. Демек, әншінің оппозициялық партияларға қосылуға шақырғаны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Бұл өтірік", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бақыт Шадаева өз сұхбатында Димаш Құдайбергенді сынға алған еді. Әнші оның дауысы қойылмағанын айтып, оған өмірлік жолдаманы өзі бергенін жеткізді.

Кейінірек Бақыт Шадаева көпшіліктен кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966419-zelide-dimas-qudaibergen-turaly-zalgan-aqparat-tarady/

pixel