Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз не үшін отырмыз сонда": Қайрат Әділгерей мен Ерке Есмахан эфирде сөзге келіп қалды

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Фото: Видеодан кадр

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Ерке Есмахан мен Қайрат Әділгерей "Маска" шоуының түсірілімі кезінде сөзге келіп қалды. Қос әртіс аталмыш бағдарламада қазылық етуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан даудың басы Ерке Есмаханның өз болжамын бөліскісі келмегенінен басталғанын көруге болады. Өнер иесі "үкі" кейпіндегі қатысушының кім екенін сезіп тұрғанымен, оның атын атамай қойды. Ол үкінің кім болуы мүмкін екенін келесі бағдарламада айтатын жеткізді.

Алайда оның бұл жауабы әріптесі Қайрат Әділгерейдің ашуын тудырды.

"Оның алдында да келесі бағдарламада айтамын дедің. Бұлай болмайды ғой. Сен жалғыз өзің бір бағдарлама ашып алғансың ғой. Біз не үшін отырмыз сонда? Біз өз нұсқаларымызды айтып отырмыз, сен тыңдап отырсың. Сен біліп отырып айтпауың – қастандық. Неге отырсың онда?

Қайда барсаң, онда кет. Бірақ айтып барып кет. Археологиялық қазба жасап жатқан жоқсың ғой. Сен айтсаң, мүмкін біз қосылып саған көмектесіп жіберетін шығармыз", - деп айтты Қайрат Әділгерей.

Ерке Есмахан ақыры бағдарлама соңына дейін өз нұсқасын айтпай қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966573-biz-ne-usin-otyrmyz-sonda-qairat-adilgerei-men-erke-esmaxan-efirde-sozge-kelip-qaldy/

pixel