Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекованы сары шашпен көрген ел таңғалысын жасырмады (видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Видеодан кадр: Instagram/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова желіде сары шашпен түскен видеосын жариялап, елдің қызу талқысына түсті. Қалың көпшілік өнер иесінен мұндай өзгерісті күтпегенін айтып, оған қатты таңғалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жазира Байырбекова жаңа образдағы видеосын Instagram парақшасында бөлісті. Онда әртістің отандық бағдарламалардың бірінде сары шашпен шыққанын көруге болады.

Алайда өнер иесінің образын шын мәнінде өзгертпегені белгілі болды. Жазира Байырбекова бұл қадамға бағдарламада бір рөлді сомдау мақсатында ғана барған. Әнші шашын боямаған. Оған парик кигізген болып шықты.

Желі қолданушылары видеоны соңына дейін көрмегендіктен эстрада жұлдызының шын мәнінде шашын бояп тастағанына сеніп қалған. Олар Байырбекованың жаңа образын қызу талқылап, оны сынға алған.

"Сізге өз түсіңіз жарасады. Сары шаш мүлдем сіздікі емес", "Шынымен бояп тастаған ба?", "Сеніп қалдым. Парик екен ғой. Жүрегім орнына түсті. Шынымен образын осылайша өзгертіп тастады ма деп таңғалып отыр едім", "Сенбеймін. Жазира ханым өз образыңыз жарасып-ақ тұр", "Таңғалып қалдым ғой. Өтірік болып шыққанына шүкір. Сізді сары шашпен елестете алмаймыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966589-obrazyn-ozgertken-zazira-baiyrbekova-eldi-tangaldyrdy-video/

pixel