Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Келінжан" телехикаясы толықметражды фильмге айналады

Опубликовано:

"Келінжан" актерлері
Фото: Instagram/dariga_badykova

Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген "Келінжан" сериалы енді толықметражды фильмге айналмақ. Бүгінде аталмыш туындының түсірілімі басталып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл жаңалықты "Келінжан" телехикаясының кейіпкерін сомдаған актриса Нұргүл Мыңғатова хабарлады. Ол Instagram парақшасында түсірілім алаңынан фото жариялап қойды.

"Алла бұйыртып "Келінжанның" толықметражды фильмін бастап кеттік. Алла қаласа, алдағы уақытта попкорн алып, кинотеатрға барып көруге болады. Бұйырса сериалы алдағы уақытта басталады! Жақсы тілектерінізді аямаңыздар. Сіздерге ұнау үшін бар күшімізді саламыз. Бәрімізге Алла жар болсын", - деп жазды ол.

Оған қоса аталмыш сериалда Айсараның рөлін сомдаған Дариға Бадықова да әріптестерімен түсірілім кезіндегі суретін бөлісті.

"Әр жоба сайын уайым басым болады. Көрермен, бұл сіздің "Келінжан", - деп жазды актриса.

"Келінжан" жанкүйерлері бұл жаңалыққа қуанып, фильмді асыға күтетіндерін жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966651-atysuly-kelinzan-telexikayasy-tolyq-metrli-filmge-ainalady/

pixel