Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"17 млн теңге": Жұлдыз Әбдікәрімова көпбалалы отбасының үйлі болуына көмектесті

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өз туған күнінде игі іс жасады. Өнер иесі 34 жасын ерекше атап өтуді жөн көрген. Ол өзін құттықтағысы келген жандардың барлығын қайырымдылыққа шақырды. Көпбалаы ана өзіне сый берудің орнына мұқтаж отбасыға садақа аударуды ұсынды. Нәтижесінде бір тәулік ішінде 17 млн теңге жиналды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл игі ісі туралы Әбдікрәмова өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Актриса игі ісін танымал "Харекет" қоры арқылы жүзеге асырған.

"Рақымы шексіз Аллаға алғыс айтудан бастағым келеді. 34 жасыма қарапайым халық бастап, туған-туыс, дос-жаран, әріптес-серіктес, айналам боп 24 сағатқа жетер жетпес уақытта 17 000 000 теңге қаржы жинаппыз. Осы қаражатқа "Харекет" қоры іздеп жүріп, ауласында жүзімі мен жаңғағы өскен, жасыл желегі бар, жанында жазғы тамы бар, жер асты гаражы бар, 5 бөлмелі үй тапт.

Отау құрғалы өз баспаналары болмаған Замира ханымның отбасы, Алланың қалауымен, қасиетті айда шаңырақтарын алды. Жақын күндері қор ішін жиһаздармен жабдықтап береді. Жаңғағы мен жүзімін күтіп-баптап, жемісін сатса да, ары қарай кәсіп қып дөңгелетіп әкетсе де, еш кедергі жоқ. Енді баланың жас санасына "Жыласа ғана береді" деген теріс түсінікті қалыптастырмай, үлкендер еңбек пен білім арқылы жол көрсетсе деген ниетім бар.

Әуелі осыншама халық алдындағы абырой мен сенім берген Аллаға сансыз шүкір! Ол болмаса 17 млн тұрмақ, 17 мың да жиналмас еді. Сондықтан Алла абыройымыздан айырмасын. Одан соң, әр бастамамды қолдап, біреуі даттаса мыңы жақтап алатын, жақыным, сыншым, жанашырым халыққа рақмет! Әрине, мұндай істі асқан жауапкершілікпен жасап жүрген "Харекет" қорына алғыс! Бұл 652-баспана екен. Туған күніме қомақты қаражат аударған достарым мен серіктестеріме алғыс! Осымен аманаттарыңыз табысталды. Баршамызға Алла разы болсын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966683-17-mln-tenge-zuldyz-abdikarimova-kopbalaly-otbasynyn-uili-boluyna-komektesti/

pixel