Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"6 жылдан бері айтып келем": Жазира Байырбекова ұлын үйлендіре алмай жүргенін айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова отбасы, келін мен ене тақырыбын қозғап, баласын тезірек үйлендіргісі келетінін айтты. Өнер иесі жалғыз ұлынан алты жылдан бері келін түсіруін сұрап келе жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

26 жыл бойы өзі келін болып келе жатқан Жазира Байырбекова бүгінде енесінің берген тәрбиесіне алғысы шексіз екенін жеткізді. Сол себепті әнші болашақта ол кісіге өз келінін де сеніп тапсыратынын айтты.

Эстрада жұлдызы өз жан сырын "Түнгі хабар" бағдарламасында ақтарды.

"Ұлыма 6 жылдан бері айтып келемін. Үйленетін уақытың болды, келін әкел деп айтып жүрмін. Ұлым 25 жаста. Өзім 19 жасымда келін болғанмын. 26 жыл болды. Ұлымыздың да ерте үйленгенін қаладық. Бірақ болмай жатыр. Келін алсақ, оны өз енем тәрбиелейді. Енеме "Немере келініңіз келгенше, өзіңізді күтіңіз.

Мені тәрбиелегендей келінімді де тәрбиелеңіз. Маған үйреткеніңізді келініңізге үйретесіз. Оған дейін ауырмай, аман жүріңізші" деп айтамын. Себебі үйде ененің жүргенінің өзі бір тәрбие. Үйде үлкен кісінің болғаны жақсы. Кез келген келін солай деп ойлаймын.

Мысалы, үйде енем болса, ол кісі маған ұрыспаса да, мен жинақы жүремін. Жауапкершілікті сезінемін. Тамағым дұрыс болмаса, алаңдап қаламын. Енем жоқ болса, олай уайымдамаймын дегендей”, – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967143-6-zyldan-beri-aityp-kelem-zazira-baiyrbekova-ulyn-uilendire-almai-zurgenin-aitty/

pixel