"Аңқаулығым жетеді": Роза Әлқожа алаяққа алданып, парақшасынан айырылып қала жаздаған

Опубликовано:

Роза Әлқожа
Фото: Instagram/bnygtx

Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде алаяқтың құрбаны бола жаздағанын айтты. Өнер иесі бейтаныс түрік азаматына сеніп, Instagram парақшасының атауын өзгерте алмаған. Ол бірнеше ай бойы желіге мүлдем басқа атпен кіруге мәжбүр болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Роза Әлқожа басынан өткен жағдайды Instagram парақшасында баяндады. Әнші парақшасын толықтай өзіне қайтарып, оқырмандарымен байланысқа шықты. Ол орын алған жағдайдың мән-жайын түсіндірді.

"Соңғы уақытта парақшамның атын өзгерте алмай жүрдім. Өйткені, білесіздер түрік жігіті инстаграмның атынан "көк белгі" беремін деп алдап, өз атына ауыстырып алған болатын. Менің де аңқаулығым жетеді, бүкіл паролді айтып отырғаным ше?! Хош, солай үш ай "Yigit" деген атпен жүрдік қой! Парақшаны да өзіме сатпақшы еді, Ерлан деген бар болғырдың арқасында қайтарып алдық қой!

Айтайын дегенім - ағылшынша бір жазулар келіп, бір қамқорлық танытса - сенбеңіздер! Мен ғана шығармын ондайға арбалатын. Одан бері бір рет ашылмай қалып, тағы Ерланға жалындым. Жалпы, технологияны дұрыс игермеген мен сияқтыларға осындай азаматтар керек екен! Ерланға мың алғыс! Отбасына бақыт, басына амандық тілейміз! Кеше тікелей эфирге шықсам әдеттегіден адам аз. Мені таппай қалған ғой. Өзімізді өзіміз насихаттап, ішкі сырымызды жайып салып жүрген инста шіркінге де әбден бауыр бастық қой! Бар болайық", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967235-anqaulygym-zetedi-roza-alqoza-alayaqqa-aldanyp-paraqsasynan-aiyrylyp-qala-zazdagan/