Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екіжүзділіктен аулақ болайық": Мақсат Базарбаев ауызашарды тойға айналдырғандарды сынға алды

Опубликовано:

Мақсат Базарбаев
Фото: Instagram/maksat_bazarbay

Отандық танымал әнші Мақсат Базарбаев ораза кезінде ауызашар беріп, артынан дүркіретіп той жасаған өнер жұлдыздарын сынға алды. Ол өнердегі әріптестерінің қасиетті айда құлшылық жасаудың орнына мұндай әрекетке барып жатқанына шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мақсат Базарбаев бұл жағдайға қатысты наразылығын өзінің Instagram парақшасында білдірген.

"Отыз күндік оразада құлшылық жасаудың орнына жарыса ауызашар жасап, арты той болып кетті. Ысырап жасап кеткен жоқпыз ба? Ол жерге ауыз бекіткені бар, бекітпегені бар, бәрі келеді. Сосын атақ-абыройы, мансабы бар, соларды шақырып, оны жариялап, елге көрсетіп, рия жасап кеткен жоқпыз ба?

Бір ай тақуа болып көрінбей-ақ қояйықшы, өтініш. Шынайы адам олай жасамайды. Қаншама бауырларымыз тамақтарын таба алмай, сәресіне ішетін ас таппай отыр. Айтқым келгені, екіжүзділіктен аулақ болайық, ақыретімізді ойлайық. 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ИншаАлла. Көз сүзіп отқан дұшпанның ойы аспасын. Қазақстаным әлі-ақ бай болады бұйыртса", - деген жазба қалдырды өнер иесі Instagram-да. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967752-ekizuzdilikten-aulaq-bolaiyq-maqsat-bazarbaev-auyzasardy-toiga-ainaldyrgandardy-synga-aldy/

pixel