Жұлдыз Әбдікәрімова: Қайрекең актрисаның рөлінен шәйнектің рөліне отырғызды

Опубликовано:

Жұлдыз бен Қайрат
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа тұрмысқа шыққан соң мамандығын шетке ысырып тастауға мәжбүр болғанын айтты. Өнер иесі бар көңілі мен уақытын отбасына арнаған. Араға 10 жыл салып, өнер иесі өзінің сүйікті ісімен қайта айналыса бастады. Ол театрға оралды. Актриса алғаш театрда жұмыс істеп жүрген кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова өз естелігін Instagram парақшасында бөлісті.

"Оқуды аяқтаған жылдары театрға деген махаббатым сонша, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында контролер болып істесем де, жұмысқа кіремін деген мақсат болды. Сөйтіп сахна тарландарының өнерін аяғымнан тік тұрып тамашаладым, әр қойылымды өзіме көрсетіп жатқан шеберлік сағаты, сабағы деп қабылдадым.

2006-2007 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актриса болып жұмысқа орналасып, бірнеше рөлді сомдап шыққам. Сөйтіп жүргенде Қайрекең актрисаның рөлінен шәйнектің руліне отырғызды ғой. Араға біраз уақыт салып, өсетін ұл мен қызды өсіріп, өз мамандығыма, махаббатыма қайта оралдым", – деп бөлісті Әбдікәрімова. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967892-zuldyz-abdikarimova-qaireken-aktrisanyn-rolinen-sainektin-roline-otyrgyzdy/