Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Ескендір Хасанғалиевтің рухына арнап ас берілді (видео)

Опубликовано:

Ескендір Хасанғалиевтің рухына арнап ас берілді
Фото: Instagram/ergali_abdraimov

Оңтүстік астанада қазақтың халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің рухына арнап ас берілді. Оған бірқатар өнер өкілі қатысты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ескендір Хасанғалиевтің асы Алматының қымбат мейрамханаларының бірінде өтті. Қазақтың біртуар жұлдызын еске алуға Сәкен Майғазиев, Ерғали Әбдірайымов, Саят Медеуов, Жеңіс Сейдоллаұлы барды.

Ерғали Әбдірайымов өзінің Instagram парақшасында ас кезінен видеоларды бөлісті.

"Қазақтың біртуар азаматы, Қазақстанның халық әртісі, көркем мінез иесі Ескендір Хасанғалиев ағмыздың да мәнгілік мекеніне кеткелі бір жыл өте шығыпты.

Кеше ағаның рухына арнап ас берілді және қатым құран түсірілді. Ағаның жаны Жаннаттің төрінен орын алғай. Дарико Хасанғалиев мен Біржан Хасанғалиев әулеттеріңізде қуаныш пен жақсылықта қауышайық", - деп жазды ол.

Ескендір Хасанғалиевтің асы кезінде оның рухына құран бағышталып, әртіс туралы естеліктер айтылды. Оған қоса, жиында арнайы оркестр өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967899-almatyda-eskendir-xasangalievtin-ruxyna-arnap-as-berildi-video/

pixel