"Екеуі бірге": Нұртас Айдарбеков Қайрат пен Жұлдызға қатысты сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Қайрат Нұртас мен Жұлдыз
Қайрат Нұртас мен Жұлдыз. Фото: instagram.com/zhuldyzabdikarimovaoffocial

Соңғы уақытта Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ел арасында қызу талқылануда. Қалың көпшілік ерлі-зайыптының бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін біле алмай әлек. Халықтың көкейінде жүрген сұраққа Қайраттың әкесі Нұртас Айдарбеков жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұртас Айдарбеков Қайрат пен Жұлдыздың арасында түсініспеушілік болғанын растады. Алайда бүгінде олар мәселелерін шешіп, отбасылық қиындықты артта қалдырған.

Көпті қызықтырған сауалға ол "1001 түн" бағдарламасында жауап берді.

"Екеуі бірге. Бірақ отбасы болғаннан кейін, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ортада, Құдайға шүкір, төрт немере бар. Жұлдызды әрқашан да жоғары қоямын. Алғашқы үлкен қызымдай болып келді. Өздерінің арасында кикілжіңдер болса, оған кіріскім келмейді. Екеуі де 33-34-ке келіп қалды. Кәмелетке әбден толған азаматтар. Ол жағын өздері шешетін шығар. Ең бастысы, екеуі бірге", - деп бөлісті Нұртас Айдарбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967923-ekeui-birge-nurtas-aidarbekov-qairat-pen-zuldyzga-qatysty-suraqqa-zauap-berdi/