Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем бірден тілімізді тыяды": Мөлдір Әуелбекова отбасындағы қазақ тілінің орны туралы сөз қозғады

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова желіде тіл мәселесін көтеріп, оған қатысты өз ойын айтты. Өнер иесінің сөзінше, оның отбасында бәрі тек ана тілінде сөйлейді. Үйде өзге тілде сөйлеуге рұқсат жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мөлдір Әуелбекова әр шаңырақта ана тілге деген құрмет болу керектігін алға тартты. Ол бұл тұрғыда ата-анасынан алған тәлім-тәрбиесін өз балаларына да беретінін айтты.

Әнші қазақ тілін барынша құрметтеуге шақырды.

"Қадыр Мырза-Әлі атамыздың сөзін ел келешегіне жаны ашитын адам ғана түсінетін шығар. Тіл мәселесінде ар - ол сенің келешек ұрпағың үшін жауапкершілік! Сен дәл осы үлкен жауапкершілікті сезініп, өз ана тіліңді қорғай аласың ба? Иә! Әрине! Намысың болса қорғайсың! Әрқайсысымыз өзімізден, отбасымыздан бастайық!

Біз үйде өзге тілде мүлдем сөйлемейміз. Себебі рұқсат жоқ. Әкем бірден тілімізді тыяды. Шаңырақта өз тілімізге құрмет болуы заңдылық. Бұл біз үшін қалыпты жағдай. Ол солай болған және бұйырса, солай болады да. Есесіне, балаларымыз да дәл сондай. Олар естігенін айтады, көргенін істейді", - деп жазды эстрада жұлдызы Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967945-akem-birden-tilimizdi-tyyady-moldir-auelbekova-otbasyndagy-qazaq-tiline-degen-qurmet-turaly-aitty/

pixel