Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үй болған соң романтик болу керек": Әйеліне құрмет көрсеткен Қайрат Мырзахановқа ел тәнті болды (видео)

Опубликовано:

Қайрат Мырзаханов әйелімен
Фото: Instagram/kairat_myrzahanov

"Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов желіде келіншегімен бірге түскен видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Өнер иесі ер азаматтарға өмірлік кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайрат Мырзаханов аталмыш бейнежазбасын Instagram парақшасында жариялады. Онда әртістің әйелін биге шақырып жатқанын көруге болады. Әйелі оның тарапынан мұндай әрекетті күтпей, қатты таңғалып қалады.

Өнер иесі бұл видеосын бөлісіп, ер адамдар қауымына өз кеңесін берді. Ол азаматтарды келіншектеріне көбірек көңіл бөлуге шақырды.

"Жиі құшақтап, биге шақырып тұрыңыздар қыздарыңызды. Ұялып, әрең биледі бұл жолы. Жаным күтпедің ба? Өмірдің соңына дейін солай болсын бәріңізде. Жігіттер мінезді болумен қатар, қыз кезде қалай қарасаң, үй болғаннан кейін де романтик болуымыз керек деп ойлаймын! Әйтпесе екі жүзді боп қаламыз ғой", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.

"Керемет, әйелдерді сыйлай білу де өнер", "Жарайсыз, көпке үлгісіз", "Сондай жарасымды жұп. Келіншегіңіз расымен ұялып қалды ғой", "Өте дұрыс айтасыз", "Бақытты болыңыздар", "Махаббаттарыңыз өмірдің соңына дейін осындай болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967978-ui-bolgan-son-romantik-bolu-kerek-aieline-qurmet-korsetken-qairat-myrzaxanovqa-el-tanti-boldy-video/

pixel