Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас Меккеде жылағанын арнайы видеоға түсірткізгені рас па

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Қайрат Нұртас қажылыққа барғанда әлеуметтік желіде оның Меккеде жылап тұрған видеосы тарап кетті. Желі қолданушылары өнер иесін мұсылмандық парызын өтеп жатқанын пиар жасады деп сынға да алып жатты. Алайда әншінің ата-анасы аталмыш видео арнайы түсірілмегенін кесіп айтты. Олардың сөзінше, Қайратты танитын жандардың бірі оны сыртынан түсіріп алса керек, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұртас Айдарбеков баласына келіп түсіп жатқан сыни пікірлердің мүлдем орынсыз екенін жеткізді.

"Қайраттың жылап тұрғанын кім түсіріп алғанын білмейміз. Кім баспаған жер? Қайраттың өзі де білмейді. Қайрат – көңілшек бала. Қасиетті Қағбаны көргенде көз жасына ерік берген болар. Алдыңғы жолы менімен бірге барғанда байқағаным, көп адамдар Қайратты алға жібереді. Кей адамдар оны мұсылмандықты қабылдаған қытай екен деп қалып, сол үшін сыйлайды екен.  Сондай біреулер түсіріп алған шығар.

Ал ауызашар туралы бізге кетіп бара жатқанда айтқан жоқ. Сол жерге барғаннан кейін, анасына хабарласып айтыпты", - деді ол "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында.

Гүлзира Айдарбекова да баласын барынша ақтап, оның жылауына не себеп болғанын түсіндірді.

"Біздің елде көтеріліс болды, оның алдында коронавирустан қаншама адам қырылып қалды. "Ел аман, жұрт тыныш болса екен деп, соны айтқан кезде жылап қалдым" деді. Халықтың адамы болған соң, халықты ойламай тұрмайды ғой. Өзі көңілшек, өте мейірімді", –  деді продюсер.

Айта кетейік, бұған дейін қажылыққа барған Қайрат Нұртас Меккеде көз жасына ерік бергенін жазған болатынбыз. Әншінің әсерлі сәті әлеуметтік желілерде бірден тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967992-qairat-nurtas-mekkede-zylaganyn-arnaiy-videoga-tusirtkizgeni-ras-pa/

pixel