Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева: Енем үйден қуып шыққанда, түк болмағандай подъезде күттім

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаева ене мен келін қарым-қатынасы туралы сөз қозғап, оған қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі анасының әжесіне көрсеткен қызметін еске алып, өзінің келін болған кезі туралы сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түсіпбаева келін мен ене мәселесі жайлы Instagram парақшасында жазды.

"Біз әжем марқұмды "мама" деп, бізді тоғыз ай, тоғыз күн көтерген анамызды "тәте" деп өстік. Мамам (әжем) қайтыс болғанда, мен шамамен алты жаста едім. Енесі қайтыс болғанда, анамның (тәтемнің) ішінде 8 айлық бала бар болса да, төсек тартып жатқан әжемді күтіп, бағып, аялап шығарып салды. Аяғым ауыр, шаршадым, шалдықтым деу ойында да жоқ еді. Әжеміз дүниеден озғанда, өз шешемнің қатты қайғырғаны есімде. 

Марқұм әжем, иманды болсын, өмірде қиындықты көп көрген, шайпау мінезді адам болатын. Бірақ келіні ол кісінің барлық еркелігін көтеріп, алдынан кеспей, сыйлап өтті. Қазіргі жастар бойына бір айлық бала бітсе, ауруды күтпек түгілі, өз жанымен қайғы емес пе?!"- деп жазды ол.

Оған қоса әнші өзі келін болған кезі туралы да айтып берді.

"Өз басым есейе келе анамнан үлгі алып, өз енеме "сен" демеген адаммын (сенбесеңіздер, сұраңыздар). "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дегендей, бала кезімнен сол қағидамен өмір сүрдім. Енем Шымкенттегі үйден қуып шыққанда, түк болмағандай (ол кезде танымал болсам да) подъезде, ол ашуы басылып, есікті ашқанша күткенім әлі есімде. Мақтанып айта аламын. Мен осы күнге дейін әкеме, анама, енеме қарсы шығып, сен демегенмін.

Ал қазіргі балалар қандай?! Өз құқығын білетін, көбінесе шағымдары көп, басынан сөз асырмайтын. Жасырмаймын, мен кейде өз балама: "Осы мені сен тудың ба, әлде мен сені тудым ба?" – деуге мәжбүрмін. Біздің қарым-қатынасымыз жібектей нәзік дей алмаймын", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968076-meruert-tusipbaeva-enem-uiden-quyp-syqqanda-tuk-bolmagandai-podezde-kuttim/

pixel