Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақылды, маған жақындау": Гүлзира Айдарбекова кенже келінін мақтады

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова келінімен
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Жақында ғанан үшінші ұлын үйлендірген Гүлзира Айдарбекова кенже келініне қатысты пікір білдірді. Продюсер өзге келіндеріне қарағанда Жібектің өзіне жақын екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова кенже келіні туралы "1001 түн"бағдарламасында айтып берді. Ол Жібекті өте ақылды қыз ретінде сипаттады.

"Өте ақылды екен. Заңғар "ақылына тәнтімін" деп айтқан болатын. Байқағаным, маған жақындау сияқты. Менің туған күнім болды. Соның алдында: "Үш келін алған енемін. Қашанғы бүкіл азық-түлікті әкеліп, жағдайды жасап, жүгіріп жүремін? Қашан келіндерім бәрін дайындап, мен қонақ болып келер екенмін?!" - деп Нұрекеге айтып отырдым. 

Соны құлағына іліп алған болуы керек. Туған күнімде ертерек дайындалып, Заңғарды қасына алып, дастарханға қойылатын сыйлықтарды реттеп, қымыз-қымыранға тапсырыс беріп, екеуі қақиып тұрып қонақтарды күтіп алды. Дәрілерімді де уақытылы реттеп қояды. Соңғы кезде асқазаным ауырып жүр. Соған мән беріп, дәрігерге апарып жүр", - деді продюсер ханым.

Айта кетейік, бұған дейін Нұртас Айдарбеков Қайрат пен Жұлдыздың қарым-қатынасына қатысты бар шындықты айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968105-aqyldy-magan-zaqyndau-gulzira-aidarbekova-kenze-kelinin-maqtady/

pixel