Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлықпан Жолдасов Димашты сынаған Шадаеваға жауап берді

Опубликовано:

Ұлықпан Жолдасов
Видеодан кадр: Youtube/Qazaqstan TV

Белгілі композитор Ұлықпан Жолдасов Димаш Құдайбергенді сынға алған Бақыт Шадаеваға жауап берді. Ол өнердегі әріптесінің сөздерін түсіне алмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұлықпан Жолдасов Шадаеваның сынына қатысты өз пікірін "1001 түн" бағдарламасында айтты.

"Бақыт артықтау кетіп қалды. Әншіні сынамас бұрын оның жүріп өткен жолын, не істеді, не бітірді, соның бәрін жақсылап қарап алу керек еді. Бақыт оның оқығанын байқамаған шығар, қарамаған, тексермеген.

Негізінде ол (ред. – Димаш) музыкалық колледжде 4 жыл оқыды, мектепті айтпай-ақ қояйық. 4 жыл "Шабытта" оқып, 2 жылдық магистратураны бітірді. 10 жыл оқып, енді докторантураға дайындалып жатыр. Соған қарап, бұл кісінің айтқанын түсінбей қалып отырмын.

Сонда 10 жыл оқыған білімі қайда кетті? Дауысы қойылмаған дейді, әбден қойылған. Әйгілі Бачелли, Лев Лещенко, т.б. көптеген шетелдік әртістер таңғалып, дауысына мән беріп, тыңдап, небір вокалдан беретін адамдар оның дауысын іліктеп, жіктеп, баға беріп отырғанда, соның бәрін көрмей отыр ма? Соған таңғалып отырмын. Байқамай айтып жіберді-ау, әлде пандемия кезінде ауырыңқырап қалды ма екен? Сын айту үшін ол (ред. – Димаш) сияқты айта білу керек қой", - деді Жолдасов. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968130-ol-siyaqty-an-aita-bilu-kerek-ulyqpan-zoldasov-dimasty-synagan-sadaevaga-zauap-berdi/

pixel