"Демеуші – өзім": Ерке Есмахан ағасы мен анасына Алматыдан үй салып жатыр

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі ағасы мен анасына Алматыдан үй салып бермек. Баспананы әртістің ағасы Бауыржан Есмахан тұрғызады. Ал Ерке құрылысқа демеушілік етеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан бұл жаңалығын Instagram парақшасында жария етті. Ол қалың көпшілікке құрылыс алаңын көрсетті.

"Менің тапсырмамды орындап, ағам анама үй салып жатыр. Екі ағамда да Алматыда үй бар, шүкір. Енді өзіме де жер үй салдырам-ау. Үлкен ағам үй алды. Кіші ағам Бауыржан да жер алып, үй салайын деп жатыр. Бұл үйдің де демеушісі – өзім. Анам осы кіші ұлы, өте қатты жақсы көретін ұлының қолында, осы үйде тұрады бұйыртса", – деді әнші.

Жұлдызды жанұя жаңа үйдің құрылысы басталғанына орай бас қосып, құрбандық шалды.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бұл бастамасына тәнті болып, оған жылы лебізін білдіріп жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968142-demeusi-ozim-erke-esmaxan-agasy-men-anasyna-almatydan-ui-salyp-zatyr/