Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асыл аналарымызды аялап жүрейік": Қайрат Нұртас анасына арнап ән шығармақ

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова мен Қайрат Нұртас: instagram.com/gulziraaidarbekova/

Қайрат Нұртас шығармашылығындағы жаңалықтарын бөлісіп, жуырда "Жарығым ана" атты әнін шығаратынын хабарлады. Өнер иесі бұл туындысын барша асыл аналарға арнаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайрат Нұртас су жаңа әні туралы Instagram парақшасында айтты. Әншіге оны белгілі композитор Арман Дүйсенов жазып берген.

Эстрада жұлдызы аталмыш туындысы арқылы қалың көпшілікті асыл аналарды аялауға, құрметтеуге шақырды.

"Төртінде Арекеңді туған күнімен құттықтап, ағама жақсылық тілеп, еркелеп тұрған сәт! Жуырда "Жарығым ана атты жаңа әнімнің тұсауы кесіледі. Бұл ән осы ағамның мен үшін арнайы жазған туындысы.

Өзімнің жүрегімнен шыққандай боп дауысыма әдемі жата қалған сияқты? Білмеймін.

Тыңдап, әділ бағасын беретін қашанда өздеріңіз ғой сүйікті тыңдарманым. Көңілдеріңізден шықса екен деген үмітім жоқ емес. Басты тілегім сол, ақ сүт беріп өсірген асыл аналарымызды аялай жүрейік, бағалай білейік бауырлар!

Аналарымыз, еліміз аман боп, жақсылық еселене берсін! Баршаңа деген шексіз құрметпен, ұлдарыңыз – Қайрат Нұртас", - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қатты қуанып, жаңа туындыны асыға күтетіндерін жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968301-asyl-analarymyzdy-ayalap-zureiik-qairat-nurtas-anasyna-arnap-an-sygarmaq/

pixel