Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлік нөмірі": Төреғалидің қарындасы досына қымбат сыйлық тарту етті (видео)

Опубликовано:

Дина Әлиханқызы
Фото: Instagram/tattti_kyz

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы досының туған күнінде оған ерекше сыйлық тарту етті. Дина Әлиханқызы жақын адамына аса қымбат көлік нөмірін сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ұлы дала баласының" қарындасы досының туған күн кешінен видео жариялап, Instagram парақшасында сыйлықты тарту еткен сәтін көрсетті.

"Өз атымнан берер сыйлығым бар. Өзім еңбек етіп, досыма осындай сыйлық алудың өзі мен үшін үлкен жетістік", - деді Дина.

Туған күн иесі мұндай сыйды күтпеген болып шықты. Ол қорап ашылған бойда таңғалып, өз қуанышын жасыра алмады.

Дина Әлиханқызы оған арнайы "111 JSS" нөмірін табыстаған. Көлікке арналған мұндай нөмірлер елімізде арзан тұрмайды. Олардың бағасы шамамен 400-500 мың айналасында болса керек.

Желі қолданушылары бойжеткеннің асқан жомарттығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген.

"Дос деген осындай болу керек", "Достықтарыңыз ажырамасын", "Қандай керемет сыйлық. Әр ұлдың арманы ғой", "Өте жомарт қыз екенсің", "Жарайсың, көпке үлгі доссың", "Өте әсерлі сәт екен. Туған күн иесі үшін нағыз тосынсый болғаны анық", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968314-kolik-nomiri-toregalidin-qaryndasy-dosyna-qymbat-syilyq-tartu-etti-video/

pixel