Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей қызын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей
Фото: Instagram/abai_begei

Әнші Абай Бегей қызы Әминаны туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесі перзентіне түнде тосынсый жасап, оны қатты қуантқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абай Бегей қызының туған күніндегі видеосын Instagram парақшасында бөлісті. Онда әртістің торт алып, түнгі он екіден кейін перзентін құттықтағанын көруге болады.

Әмина жұлдызды әкесінің тосынсыйына қуанып, оны бірден құшағына басты. Сондай-ақ оны құттықтап жақындары да келген. Олар туған күн иесіне өз сыйлығын тарту етті.

Желі қолданушылары Абай Бегейдің әрекетіне тәнті болып, оған ыстық ықыласын білдірген.

"Тамаша көрініс", "Абай аға, жарапсыз", "Қыздар көңілді жақсы көреді ғой. Қызыңыз бір қуанып қалды", "Әке деген осындай болу керек. Нағыз үлгі болар азамат", "Туған күндеріңіз құтты болсын. Алла бармақтай бақ берсін", "Өмір жасы ұзақ болсын. Жолы әркез ашық болсын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968372-abai-begei-qyzyn-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/

pixel