Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйімді сатсам да, ақшам жетпеді": Жахан Отарғалиев фильмін түсіруге қанша қаражат кеткенін айтты

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев
Видеодан кадр: Youtube/НТК

Бұған дейін актер ретінде бақ сынап жүрген Жахан Отарғалиев енді продюсерлікке бет бұрған. Әзілкеш көрерменге өзінің тырнақалды "Джохан" фильмін ұсынды. Өнер иесі бұл туындыны түсіру үшін өзі тұрғызған зәулім үйін сатып жіберген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жахан Отарғалиевтің фильмі 5 мамырдан бастап көрерменге жол тартты. Әзілкеш киноны түсіру үшін қыруар қаржы жұмсаған. Ол тіпті өзі тұрып жүрген үйін сатуға мәжбүр болғанын айтады. Себебі көмек береміз деп уәде еткен адамдар сөзінде тұрмаған.

Ал үй сатылымынан түскен қаражат шығынның жартысын да жаппаған.

"Фильмнің шығыны 150 млн теңгеге жақындап қалды. Үйді сатсам да, ақшам жетпей қалды. Үй 60 млн теңгеге кетті. Мен есептеуді білген жоқпын. Продюсер болып көрген жоқпын. Маған бірнәрсе керек дейді, мен алып беремін. Оператор 5 объектив сұрады, алып бердім. Алаңға келсем, төртеуі жатыр, біреуімен түсіріп жүр. "Мынаны неге сұрадың?" десем: "Өткен жолы керек болды, енді қажет емес" дейді. Ал оның бәрі ақша. Көп тәуекелге бардым. Ақтаймын ба, ақтамаймын ба, Алланың маңдайыма жазып қойғаны болады. Өтсе – өтеді, өтпесе  – өтпейді. Әрі қарай тоқтамаймыз, тағы түсіреміз", - деді ол НТК арнасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968379-uiimdi-satsam-da-aqsam-zetpedi-zaxan-otargaliev-filmin-tusiruge-qansa-qarazat-ketkenin-aitty/

pixel