Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асанәлі Әшімов 85 жасқа толды: Тоқаев актерді мерейтойымен құттықтады

Опубликовано:

асанәлі әшімов
Фото: СҚО әкімдігі

Бүгін театр және кино актері әрі режиссері Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Кеңес және Қазақстан киносының аңызын Ерболат Досаев құттықтады. Қала басшысы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әртістің театр өнері мен кинематографияның дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

"Сіз отандық кино тарихында ерекше орын аласыз. Бүгінде өнер саласындағы бастамалар мен жобаларды қолдап, насихаттап, жастарға бағыт-бағдар беріп, шетелде еліміздің абыройын асқақтатып жатырсыздар", – деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", "Жаушы" және тағы басқа фильмдерде ең жарқын және есте қаларлық рөлдерді сомдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968542-asanali-asimov-85-zasqa-toldy-toqaev-akterdi-mereitoiymen-quttyqtady/

pixel