Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйде отырғысы келмеді": Жахан Отарғалиев әйелімен бір жыл бойы ренжіскенін айтты

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Әзілкеш Жахан Отарғалиев әйелі Балжан Бидаштың шығармашылығына қатысты сұрақтарға нүкте қойды. Ол әнші келіншегін сахнаға шығармайтынын кесіп айтты. Ерлі-зайыпты тіпті өнер мәселесіне байланысты бір жыл бойы келісе алмай, үйінде ұрыс-керіс болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жахан Отарғалиев әйелінің қала аралап, концерт бергенін қаламайтынын ашық жеткізді. Ол келіншегі үйде болу керек деп есептейді. Бұл туралы актер "Taboo" бағдарламасында айтты.

"Бізді көпшілік желіден көріп, ұрыспайтын шығар деп ойлайды. Біз алғашқы бір жыл бойы ұрысып келдік. Сахна, шығармашылық, әншілік үшін ұрысып келдік. Ол үйде отырғысы келмеді. Мен үйде отырғанын қаладым. Бір күні үлкен ұрыс-керіс болды.

Мен оған таңдау жаса дедім. Отбасын таңда немесе сахнаны таңда дедім. Егер керемет әнші болсаң, өзіңді дәлелде дедім.

Маған әйелімнің сыртта, гастрольдеп жүргені, үйде жоқ болғаны ұнамайды. Мен таңертең оянғанда әйелім тамақ жасап жатқанын, үйде болғанын қалаймын.

Сондықтан сахнаға шығармаймын. Егер қаласа, киноларыма саундтрек жазып, киноның бүкіл композициясымен айналысуға болады. Ол да шығармашылық жұмыс. Отбасын әйел емес, еркек асырайды”, – деді Жахан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968712-uide-otyrgysy-kelmedi-zaxan-otargaliev-aielimen-bir-zyl-boiy-renziskenin-aitty/

pixel