Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әділ-қазыларға ескертпегенім үшін ренжіме": Әбдірайымов жобаға қатысқан қызына қолдау білдірді

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

Әнші Бағлан Әбдірайымов "Бала дауысына" қатысқан қызына қолдау білдіріп, желіде әсерлі жазба жариялады. Өнер иесінің перзенті музыкалық жобада бақ сынаған. Алайда жасөспірім келесі кезеңге өте алмай, еріксіз көзіне жас алып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағлан Әбдірайымовтың қызы жұлдызды әкесі туралы әділ-қазыларға жобамен қоштасар сәтінде ғана айтқан. Әншінің өзі де өнердегі әріптестеріне перзенті қатысып жатқанын ескертпеген.

Эстрада жұлдызы баласының жетістікке өз күшімен жеткенін қалайды. Ол қызының әлі де талай биікті бағындыратынына сенім білдірді.

"Жылама қызым! Осы бір сәт жүрегімді елжіретіп жіберді. Жеңілген соң намыстан жылаған қызыма сүйсініп қалдым. Сөйлеу мәнері мен әдептілігі тәнті етті. Анасының еңбегі! Шынымды айтсам, Айқаракөздің өнеріне аса мән бермеппін.

Мұңайма, қызым. Сенің жылағаныңа апаңнан бастап, апайыңа дейін көз жастарына ерік беріпті. Әлі талай қуантатын боласың. Жетістікке жету үшін осылай шыңдалған дұрыс деп есептеймін. Әділ - қазыларға ескертіп айтпағыным үшін ренжіме. Әкесінің арқасы дегеннен аулақ болған дұрыс. Ақылың бар, түсінесің деп ойлаймын! Жолың ақ болсын", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968750-adil-qazylarga-eskertpegenim-usin-renzime-abdiraiymov-zobaga-qatysqan-qyzyna-qoldau-bildirdi/

pixel