Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың "тойынан" делінген суреттер тарап кетті

Опубликовано:

Роза Рымбаева ұлдары мен келінімен
Фото: Instagram/ayaz_production

Әлеуметтік желіде жұлдызды жұп Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың "тойында" түсірілген болуы мүмкін суреттер тарап кетті. Желі қолданушылары жас жұбайлардың фотоларын қызу талқылауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың суреттері отандық түсірілім тобының Instagram парақшасында жарияланған. Онда ерлі-зайыптының мейрамханада жақындарымен бірге тұрғанын көруге болады.

Ақерке Бүркітбай қалыңдық көйлегімен болса, Әли күйеужігіт ретінде тұр. Оған қоса олардың қасында әншінің анасы Роза Рымбаева мен інісі Мәди Рымбаев та бар.

"Роза Қуанышқызының шаңырағындағы дүбірлі тойдан үлкен естелік. Әли, Ақерке бақытты болыңыздар", - деп жазған түсірілім тобы.

Желі қолданушылары жас жұбайлардың тойын қызу талқылап, өз пікірлерін айтуда.

"Былтыр үйленді емес пе?", "Қайтадан қосылған ба?", "Өткен жылы ұзату болған. Енді үйленіп жатқан секілді", - деп жазуда көпшілік.

Алайда үйлену той кадрлары нақты қай күні жасалғаны белгісіз. Жұлдызды жанұя дүбірлі тойдың суреттерін желіде бөліскен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968753-zelide-ali-oqapov-pen-aqerke-burkitbaidyn-toiynan-suretter-tarap-ketti/

pixel