Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова өзін Ким Кардашьянмен салыстырды (видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова өзін америкалық модель Ким Кардашьянмен салыстырып, желіде қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі Instagram парақшасында жаңа видео жариялап, көпшілікке мінсіз мүсінін паш етті. Бейнежазбада әртістің денесіне жабысып тұрған ақ түсті көйлек киіп алғанын көруге болады.

Сәдуақасова әйгілі Ким Кардашьяннан кем емес екенін айтып өтті.

"Кимекең Кардашьян әдірәм қалсын", - деп жазба қалдырды.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Олардың бірі Мадинаны қолдаса, енді бірі Кардашьянмен сайысқа түсудің қажеті жоқ екенін алға тартты. 

"Ерекше болыңыз. Кардашьянды қайтесіз", "Сізді 43-те деп кім айтады, сұлусыз", "Уау, от", "Қазақ әйелінің символы", "Кардашьян сіздің жаныңызда тұрмайды. Әдемісіз", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968893-madina-saduaqasova-ozin-kim-kardasyanmen-salystyrdy-video/

pixel