Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ел аузына келгенін айта берсін": Ерке Есмахан Қайрат Нұртаспен достығы туралы айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі ел арасында айтылып жатқан қауесеттерге нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан Қайрат Нұртас екеуін шығармашылық пен достық байланыстыратынын алға тартты.

"Қайрат екеуміз туралы әңгіме, өсек айтудан жалыққан шығарсыздар! Шығармашылыққа көшетін кез келді. 2019 жылы "Хабар" телеарнасында "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында жүргізуші болдық. Сол бағдарламада мен Қайраттың "Ауырмайды жүрек" әнін орындадым. Ал Қайрат менің "Аэропорт" әнімді шырқады", - деді әнші.

Еркенің айтуынша, оның әні Нұртасқа қатты ұнаған. Сондықтан 2019 жылы Аренада өткен үлкен концертте ол әнді қайта орындаған.

"Әрине, ол мені концертке қонақ ретінде шақырды. Мен гүлмен бардым. Дәл осы концерттен кейін келесі карантин басталды. Қайраттың орындауындағы бұл ән тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді. Бірнеше жылдан кейін әйгілі Мальдив аралдарына оның туған күніне келгенде тағы да орындадық.

"Аэропорт" әнінің шығу тарихы қысқаша! Қайрош, ел аузына келгенін айта берсін! Шынайы достығымызға Алла куә! Жұлдыз екеуің бірге қартайып, бала-шағаңның барлық қызығын көрулеріңді тілеймін! Аман болыңдар. Әрқашан биікте болыңыз!" – деп жазды Есмахан Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969100-el-auzyna-kelgenin-aita-bersin-erke-esmaxan-qairat-nurtaspen-dostygy-turaly-aitty/

pixel