Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыран Талапбек: Бәрі қарсы болғанда анам ғана қолдады

Опубликовано:

Қыран Талапбек
Қыран Талапбек. Фото: YouTube/ Төртеу түгел болса

Отандық танымал видеограф Қыран Талапбек өз отбасы туралы айтып берді. Ол ата-анасы жайлы сыр шертіп, олармен қандай қарым-қатынаста екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қыран Талапбек қарапайым отбасында өскен. Ата-анасы көп жыл бойы саудамен айналысқан.

Ол бала күнінен бері видео саласына қатты қызығушылық танытқан. Алайда мамандық таңдарда әкесі оның шешімін құптамапты. Блогердің сөзінше, бәрі қарсы болғанда оны тек анасы ғана қолдап шыққан.

"Мен жай мектепте оқығанмын. Кейін лицейге ауыстым. Шетелде оқып келдім. Режиссура мамандығына қызықтым. Бала күнімде әке-шешем саудамен айналысты. Бала күнімнен қара базарда өстім. Қағаз шығару, жасау, дизайнды жасап, көріп өстім.

Өзімнің де сурет түсіруге, видео жасауға қызығушылығым болатын. Кейін осы салаға келемін деп шештім. Бәрі қарсы болды. Тек анам ғана қолдады. Менің істей алатыныма анам ғана сенді. Сондықтан анамның сөзі мен үшін ең қымбат. Анам ғана маған әрдайым сенім артатын. Мені анасының баласы дейді. Бірақ мен қазір анамды айына 3-4 рет қана көремін. Өз кәсібімді өзім жүргіземін", - деді ол.

Оған қоса Қыран Талапбек әкесі жақсы табыс тауып, басшы болса да қымбат заттарға мүлдем құмар емес екенін айтты.

"Әкем базарда бір қойманың басшысы болды. Мен 14 жасымда қара жұмысшы болдым. Сол қойманың заттарын таситын едім. Әкем сондай қаталдықпен өсірген. Әкемнен қаймығып өстік. Енді ғана тең дәрежеде сөйлесіп, әкеме көлік алып беріп жүргенім. Әкем әлі де сол қызметте. Қарапайым жандар. Артық дүниеге, байлыққа қызықпайды. Тіпті бұрынғы көлігін де ауыстырмайды", – деді Қыран Ләйлә Сұлтанқызына берген сұқхбатында. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969173-qyran-talapbek-bari-qarsy-bolganda-anam-gana-qoldady/

pixel