"Оның дауысы жан-дүниемді емдеді": Ресейлік бойжеткен Димаш Құдайбергеннің тегін алғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Кристина Құдайбергенова
Кристина Димаш Құдайбергеннің концертінде әншінің әкесімен. Фото: Instagram/kudaibergenova.kristina

Ресейдің Ростов облысында тұратын Димаш Құдайбергеннің фанаты төлқұжатындағы тегін ауыстырып, әншінің фамилиясын алғанын жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

28 жастағы Ресей тұрғыны өзінің тегі бұдан былай Алексеенко емес, Құдайбергенова екенін айтады. Ол өзінің Instagram парақшасына жаңа төлқұжатын жария етті.

"Кристина Николаевна Құдайбергенова... Осы фамилиямен аты-жөнім әдемі естіледі. Мен Димаштың шығармашылығымен 2019 жылы 7 қыркүйекте таныстым. Димаш менің жүрегімді алғашқы секундтардан-ақ жаулап алғанға ұқсайды. Сол кездің өзінде "Құдайбергенов" деген сөз ерекше жағымды естілетін.

Кейде мен сол фамилияны қызық үшін өз атыммен бірге қалай көрінетінін елестетіп көретінмін. ⠀ Наурыз айының басында құрбыммен болған әңгімеде текті ауыстыру жөнінде сөз қозғадық.

"Құдайбергенова Кристина Николаевна... Бәрібір, әдемі естіледі. Құрбым мені қолдап, бәрі өз қолымда екеніне сендірді. Кейін мен ауыстыратын болып шештім", - дейді Кристина.

Кристина Құдайбергенова
Скриншот: Instagram/kudaibergenova.kristina

Димашқа деген оның сүйіспеншілігінің артуына өміріндегі қайғылы жайт себеп болған. 2021 жылы бір аптаның ішінде Кристина ата-анасынан айырылып қалған.

"Сол жылы сәуірде әжем де көз жұмды. Мен Димаштың әндерін қайта-қайта тыңдай бердім, оның дауысы жан-дүниемді емдеп, жүректегі жараны жазды. Ол менің тірі жүргенімнің себепшісі. Жанымның "эликсирі". Димаштың арқасында мен өмір сүріп жүргенімді және әрі қарай да тіршілік ету керек екенімді түсіндім. Оның тегін алғаным оған деген алғысым деп білерсіздер. Менің өмірімде пайда болғаны үшін Димашқа көп рақмет!",- деп жазды Кристина Instagram парақшасында. ⠀ Оның сөзінше, сүйікті әншісінің тегін алуға өтінішті сәуірдің ортасында берген. 27 сәуірде Кристина көптен күткен жаңа төлқұжатын қолына алған.

"Мен жаңа құжатты алмайынша, ешкімге айтпаймын деп шешкем. Қиын екен. Міне, енді менің фамилиям Димаштыкімен бірдей. Димаш менің жүрегімді ұрласа, мен оның тегін ұрладым", - дейді ол.

Кристинаның ендігі арманы – Қазақстанға қыдырып келу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969184-onyn-dauysy-zan-duniemdi-emdedi-reseilik-boizetken-dimas-qudaibergennin-tegin-aldy/

jitsu gif