Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысырда демалып жатқан Динара Бақтыбаева болашақ сәбиінің жынысын жария етті (видео)

Опубликовано:

Динара Бақтыбаева
Фото: Instagram/dika_strai

Актриса Динара Бақтыбаева Мысырда гендер-пати өткізіп, екінші перзентінің жынысын көпшілікке жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі Instagram парақшасында арнайы видео жариялап, оқырмандарымен өз қуанышын бөлісті. Ерлі-зайыпты екінші мәрте қызды болатындарын білді.

"Ұл ма? Қыз ба? Біз бұл маңызды шараны теңіз жағасында өткізуді шештік. Баламыздың жынысын білу демалысымыздың соңғы күніне түсті. Бала жынысын анықтауда халық арасында кеңінен таралған белгілер мен болжамдар дәл түспейтінін түсіндім. Құттықтауларды қабылдауға дайынбыз", - деп жазды жұлдызды ана.

Желі қолданушылары да ерлі-зайыптыны құттықтап, оларға өз жылы лебізін білдірді.

"Құттықтаймын. Қыз деген Алланың сыйы ғой", "Қандай керемет жаңалық. Ханшайымдарың көбейе берсін", "Аман-есен босанып, балапаныңызды құшағыңызға басыңыз", "Сіздер үшін қуаныштымыз. қыз деген жақсы ғой", "Қыз ата-анасына жақынырақ болады", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, бұл Динара Бақтыбаеваның екінші перзенті болмақ. Ерлі-зайыпты бүгінде бір қыз баланы тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969185-mysyrda-demalyp-zatqan-dinara-baqtybaeva-bolasaq-sabiinin-zynysyn-zariya-etti-video/

pixel