Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзіңді жақсы көремін": Бейтаныс азаматпен суретке түскен Иманбаева көптің талқысына түсті

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева бейтаныс азаматпен
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде белгісіз ер адаммен түскен суретін жариялап, елді ойландырып қойды. Қалың көпшілік әртістің қасында отырған азаматтың кім екенін біле алмай, оны сұрақтың астына алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Халықтың қызу талқысына түскен фотоны әнші Instagram парақшасында бөлісті. Онда өнер иесінің мейрамханада бейтаныс азаматпен отырғанын көруге болады.

Актриса аталмыш суреттің астына әсерлі жазбасын да қалдырып кеткен.

"Мен сенің көзіңді жақсы көремін. Себебі онда мен бармын", - деп жазған Иманбаева.

Желі қолданушылары бірден әртістің фотосын қызу талқылап, оның қасындағы ер адамға қатысты болжамдарын жаудыра бастады.

"Қасыңыздағы жігіт кім?", "Сүйіктісі болса керек. Қашан түрін көрсетеді екен", "Әр әйел бақытты болуға лайықты. Сіздің жүрегіңізді жаулай алған мықты азамат болып тұр ғой", "Бақытты болыңыз, сүйіңіз, сізді сүйсін! Армандарыңыз орындалсын! Сүрінбеңіз", "Арқа сүйер азаматыңызды қашан таныстырасыз?", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969416-kozindi-zaqsy-koremin-beitanys-azamatpen-suretke-tusken-imanbaeva-koptin-talqysyna-tusti/

pixel