Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол жақта да концертің талай болар": Төреғали Түркиядан үй алған Қайрат Нұртасты ерекше құттықтады

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәлі өнердегі бауыры Қайрат Нұртастың Түркиядан баспаналы болғанын айтып, оған өлең жолдарын арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында Қайрат Нұртасқа өлең жолдарын арнап, оған ізгі тілегін білдірді.

Ол жұлдызды әріптесінің бауырлас елден баспаналы болғанын хабарлап, алдағы уақытта Түркияның сахнасын бағындыратынын жазды.

"Қайреке-ау, Қазақстан қалай болар? Біз ұқсап құрметтеуге жарай ма олар?! Стамбұл көлік берсе құтты болсын Сен алған үй де зәулім сарай болар?!

Нар тәуекел деп кеткен Түркияға Олар да біздің ұлға абай болар. Түркі тілдес халықты әнмен жаулап Ол жақта да концертің талай болар.

Бастысы баспаналы болып алдың Басқасын басып алу оңай болар", - деп жазды "Ұлы дала баласы".

Қайрат Нұртас бауырының бұл өлең жолдарына риза болып, оған "жұғысты болсын" деген тілегін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969454-ol-zaqta-da-koncertin-talai-bolar-toregali-turkiyadan-ui-algan-qairat-nurtasty-erekse-quttyqtady/

pixel