Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Киімдерімізді бүлдіріп кетті": Атышулы "Ninety One" тобы қызықты оқиғаларын бөлісті

Опубликовано:

"Ninety One" тобы
Видеодан кадр: Youtube/Marat Oralgazin

Атышулы "Ninety One" тобы продюсерлері Ерболат Беделханмен келісімшартты үзгеннен кейін алғаш рет ауқымды сұхбат берді. Әншілер бүгінде жеке-дара жұмыстарын бастап кеткен. Олар алдағы уақытта жанкүйерлерін жаңа туындылармен қуантпақ. Ал бұрынғы продюсерлерінен бөлек кеткендеріне қарамастан жақсы қарым-қатынасты сақтап қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ninety One" тобы Ерболат Беделханға алғыстан басқа айтарлары жоқ екенін жеткізді. Олар продюсерден көп нәрсені үйренгендерін айтты.

Сонымен қатар атышулы топ мүшелері өнер саласына келгенде бастарынан өткен түрлі қызықтарды естеріне алды. Мәселен, елордада өткен кезекті концерттері барысында күтпеген жағдай орын алған. Күзетшілер олардың сахналық образдарын бүлдіріп кеткен.

Бұл туралы әртістер "Қызық Live" бағдарламасында айтты.

"Астанада өнер көрсеттік. Сахнада болған кезде, күзетшілер тобы гримеркаға кіріп, бізді жек көргендіктен, бүкіл киімдерімізге су шашып кеткен. Неге шырын емес, неге су деп ойладық. Зияны тиетін бірдеңе болса мейлі екен", - деді "Bala".

Топтың ең кенже мүшесі Bala сан түрлі оқиғаларға ұрынған көрінеді. Топ әншілерінің сөзінше, оның жасаған тентектігі аз емес.

"A.Z, Ace үшеуміз бір көлікте отырдық. Ал достарымыз бір мейрамханада болды. Ace ішке кіріп кетті. Бір қызықтан қалып бара жатқан сияқты, сол ой ішімді жегідей жеді. Мен де шошаңдап шығып, жүгіріп барып, есік ашық тұр деп ойлап, басыммен есікке соғылған кезде ар жағындағы терезе шашылып кетті", - деп еске алды Bala.

Ол әйнекті сындырған бойда тез арада ізін суытқан. Алайда "Aсe" оған бұл әрекеті қате болғанын айтып, істеген ісі үшін жауап беруі керек екенін түсіндірген.

"Біз іште отырғанда бірдеңенің даусы шықты. Келсек, жердің бәрінде шыны жатыр. Сыртқа шықсам, Bala шақырып тұр. "Әйнекті мен шақтым" дейді. Күліп тұр. Бірақ ол біздің досымыздың мейрамханасы еді. Бұлай кетіп қалуға болмайды дедім", - деп еске алды "Ace".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969644-kiimderimizdi-buldirip-ketti-atysuly-ninety-one-toby-qyzyqty-oqigalarymen-bolisti/

pixel