Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сені ойласам кеудем от боп өртенеді": Қайрат Нұртас әйелімен түскен видеосын жариялады

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімовамен түскен видеосын жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Қалың көпшілік ерлі-зайыптыны бірге көріп қуанып, олардың қайта қосылғандарын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайрат Нұртас халықтың қызу талқысына түскен бейнежазбаны Instagram парақшасында бөліскен. Онда әртістің әйелімен бірге табиғат аясында серуендеп жүргенін көруге болады.

Сондай-ақ видеода өнер иесі "Сені ойласам кеудем от боп өртенеді" деп әндетті.

Желі қолданушылары бірден ерлі-зайыптыға қатысты ой-пікірлерін жаудырып, олардың қайта қосылғандарын болжап жазды. Көпшілік Қайрат Нұртастың әйеліне ән арнамақ деп ойлап қалды.

"Жұптарыңыз жазылмасын. Бақытты болыңыздар", "Сіздерді бірге көріп бір қуанып қалдық", "Алла мәңгі бірге болуды жазсын", "Қайрат Жұлдызға ән арнаған ба?", "Қайта қосылған болып тұр ғой?", "Қосылғандарыңызға қуаныштымыз. Енді үнемі бірге болыңыздаршы", "Әйтеуір салды ғой", "Осылай бірге түскен видеоларыңызды салып, бізді қуантып тұрсаңыздаршы", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова да желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырып қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969653-seni-oilasam-keudem-ot-bop-ortenedi-qairat-nurtas-aielimen-tusken-videosyn-zariyalady/

pixel