Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәскеуге барып қауын саттым": Бағлан Әбдірайымов қандай кәсіппен айналысқанын айтты

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

Әнші Бағлан Әбдірайымов өнер саласында жүріп те бірталай кәсіптің түрімен айналысып көргенін айтты. Өнер иесі "Жігіттер" квартетінде жұлдыз болса да, Мәскеуге барып қауын сатқанын мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағлан Әбдірайымов өзінің кәсіпке қарай бет бұруына айналасындағы достары мен пандемия себепкер болған.

"Айналамдағы достарымның бәрі кәсіпкер. Мен де соларға қарап, шабыт алып, көрейінші дедім. Пандемияның әсері болуы да мүмкін. Өйткені сол кезде өзім мініп жүрген көлігімді сатып, 7-8 жылқы, бие сауып, қымыз саттым", - деді әртіс.

Өнер иесі тіпті бизнесті әншілікпен қатар алып жүруге тырысқан. Алайда оның сөзінше, бұл салада үздік болу үшін оған барынша көңіл бөліп, тәртіпке бағыну керек.

"2016-2017 жылдары "Жігіттер" квартетінде жүріп, Мәскеуге барып қауын да сатып келдім. Одан 7-8 жыл бұрын Сырымбек Таумен Қытайға барып, тағы бір кәсіп түрін зерттеп келдім. Бірақ ол бізге болмайды екен. Кәсіптің ішкі тәртіптері бар. Сол тәртіппен жүрмесең, ақшаң қанша көп болса да немесе атағың жер жарып тұрса да, сауатты болмасаң, оңбай түсесің", - деді Әбдірайымов "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969851-maskeuge-baryp-qauyn-sattym-baglan-abdiraiymov-qandai-kasippen-ainalysqanyn-aitty/

pixel