Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Гүлназ Жоланова Еуропада қалай саяхаттап жүргенін көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Гүлназ Жоланова
Гүлназ Жоланова. Фото: instagram/gulnaz_zholanova

Актриса Гүлназ Жоланова түсірілімдерден демалыс алып, Еуропа елдерін аралауға кіріскен. Өнер иесі Италия мен Испанияның көрікті жерлерін аралап жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлназ Жоланованың шетелге саяхаттап кеткені туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Актриса желіде көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп, өзінің алған әсерін бөлісті.

Өнер иесі саяхатын алдымен Италия елінен бастаған. Ол Милан мен Рим қалаларында болып, тарихи жерлерді аралап шыққан. Содан кейін әртіс Францияға жол тартып, махаббат қаласына айналған Парижді өз көзімен көрді.

Желі қолданушылары Еуропа елдерінде демалып жатқан актрисаға қызығып, оған жылы лебіздерін білдірген.

"Жақсы демалыс болсын", "Керемет әсермен оралыңыз", "Бізге де осындай демалыс бұйырсын", "Бір жыл бойы тыңбай еңбек етіп, енді демалыстың да уақыты келген ғой. Әбден лайықсыз", "Сіздің арқаңызда әдемі жерлерді көріп қалдық", "Мен де барсам ғой", "Жарайсыз. Көбірек фото мен видео салыңыз", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969999-aktrisa-gulnaz-zolanova-europada-qalai-sayaxattap-zurgenin-korsetti-foto-video/

pixel