Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Қоянбаев Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев
Фото: Instagram/nurlankoyanbayev

Отандық танымал кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев Канн кинофестиваліне аттанып, әлемдік жұлдыздармен қатар қызыл кілеммен жүріп өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы продюсердің өзі Instagram желісінде бөлісті. Қоянбаев Канн фестивалінен суреттер жариялап, өз әсерін жеткізді.

Оның сөзінше, биыл кинофестивальде комедия жанрына аса үлкен мән беріліп жатыр. Ол отандық кинолардың осы ортада топ жаратынына сенім білдірді.

"75 жыл Мерейтойлы Канн кинофестивалінің бүгін қызыл кілемінен ресми өту рәсімі бұйырды. Биыл комедиялық киномен ашылған танымал фестивальдің осы жанрға аса мән беріп жатқаны байқалады. Еліміздің талай кино туындылары осы ортада топ жаратынына сенімдімін", - деп жазды Қоянбаев.

Оған қоса кинопродюсер бірқатар әлем жұлдызымен жүздескен. Ол қызыл кілеммен жүріп өткенде атышулы "Игра в кальмара" сериалының актерімен суретке түсіп, әйгілі Том Крузды өз көзімен көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970012-nurlan-qoyanbaev-kann-festivalinde-qyzyl-kilemmen-zurip-otti/

pixel