Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Латвияда гүл сортына "Димаш Құдайберген" атауы берілді

Опубликовано:

Димаш
Фото: dimashnews.com

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің 28 жасқа толуына орай Латвияның Babite саябағынан Dimash Qudaibergen рододендрон сұрыпының 8 эксклюзивті көшеті алынды, деп хабарлайды dimashnews.com.

Осыдан тура екі жыл бұрын Димаштың латвиялық Dimash Latvia Dears фан-клубының өтініші бойынша Балтық рододендрондарының ең үлкен саябағында Dimash Qudaibergen деп аталатын гүлдердің жаңа сорты тіркелді.

Сорттың авторы – Латвиядағы рододендрондардың бас селекционері Гунита Рихстин.

Өсімдіктердің гүлдеуі кезінде 50 мыңға жуық адам баратын паркте Димаштың фан-клубының бастамасымен тағы да "Қазақстан бұрышы" ашылды.

Онда әншінің әжесі Миуа Низамутдинованың құрметіне Miuaniz жапырақты сорттары мен Қазақстанның 30 жылдығының құрметіне Qazaqstan деп аталатын жасыл сортты гүлдер егілген.

Димаштың туған күніне орай алынған көшеттер әншінің өзіне және Нұр-Сұлтан қаласының Ботаникалық бағына беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971091-latviyada-gul-sortyna-dimash-qudaibergen-atauy-berildi/

pixel