Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқашан шықпаймыз деп айтпадық": Атышулы "Ninety One" енді тойларда өнер көрсетпек

Опубликовано:

91 тобы
Видеодан кадр: Youtube/НТК

Жақында продюсерінен бөлек шығып, шығармашылығын өздері дамытуға кіріскен "Ninety One" тобы алдағы уақытта той-томалақтарда өнер көрсетуге ниетті. Атышулы ұжым мерекелік шараларға ешқашан шықпаймыз деп айтпағанын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ninety One" тобы той-бизнеске қарай бет бұруға қатысты өз пікірін "Өзіміз ғой" бағдарламасында айтты.

"Біз әлі шыққан жоқпыз. Бірақ бізде шағын райдер бар. Сол орындалса шығып көрейік. Өйткені басында біз той мен шоу-бизнестің бөлінуіне әсер ететін қозғалыс істедік қой. Тойға шықпай қойдық. Шоу-бизнеске акцент жасадық. Нәтижесінде екеуі бөлінгендей болды. Бірақ қазақтың барлық дәстүрі ол - той. Оған қарсы шығатын емес. Бұл - біздің мәдениетіміз. "Ninety One" тобы шықпайды дегеннен кейін, бізді шақырмады", - деді Азамат Ашмақын.

Олар өзі белгілеген шарттар орындалған жағдайда тойда ән салуға қарсы емес екенін жеткізді.

"Біз ешқашан шықпаймыз деп айтпағанбыз. Ерболат аға жайында білмеймін. Бірақ біз айтқан жоқпыз. Біз үнемі айтатынбыз. Егер тойда сахна мен техникалық райдер болса, біз баруға дайынбыз деп", - деді топ лидері ZAQ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971168-esqasan-syqpaimyz-dep-aitpadyq-atysuly-ninety-one-endi-toilarda-oner-korsetpek/

pixel