Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңге болатын жан тапқандаймын": Бақытбек Есентаевтың қарындасы оған жар іздеуде

Опубликовано:

Бақытбек Есентаев қарындасымен
Фото: Instagram/nagima.yessentayeva

Бүгінде түрмеде жазасын өтеп жатқан Бақытбек Есентаевтың қарындасы оған жар іздеп жүр. Нағима Есентаева ағасына лайықты жанды тапқанын да айтып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Есентаева өзінің Instagram парақшасында айтты. Ол желіде бейтаныс арумен түскен суретін жариялап, өзіне жеңге тапқанын жазды.

"Өздеріңіз білесіздер. Неше жыл болды жаныма жақын жеңге болар жан іздеп жүргеніме. Жайын түсініп, ағатайымның жанына жалау болар, жүрегіне жылыулықпен жол табар деген жанды тапқандаймын. Бірақ ары қарай танысып, екеуі  кездескен соң, таңдау мен шешім өздерінде ғой. Дегенмен де осы жан жеңгем болса, өкінбес едім деген менің ойым", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Бақытбек Есентаев 2016 жылы сол кездегі жары Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақ жарақатын салғаны үшін 9 жылға сотталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971337-zenge-bolatyn-zan-tapqandaimyn-baqytbek-esentaevtyn-qaryndasy-ogan-zar-izdeude/

pixel