Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз дайындықты бастадық": Жан Мұқанов Нұрғали Нүсіпжановты 85 жасымен құттықтады

Опубликовано:

Нұрғали Нүсіпжанов пен Жан Мұқанов
Фото: Instagram/ impresario.tv

Отандық танымал продюсер Жан Мұқанов қазақ өнерінің дүлділі Нұрғали Нүсіпжановты жаңа жасымен құттықтап, оның мерейтойына байланысты дайындықтың басталып кеткенін хабарлады. Туған күн иесі 85 жасқа толғаны мен сахнада жүргеніне 65 жыл болғанына орай қалаларды аралап, жанкүйерлеріне концерт бермек, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жан Мұқанов өнердегі үлгі тұтар ағасы Нұрғали Нүсіпжанов туралы жазбасын Instagram парақшасында бөлісті. Ол руған күн иесіне ақ тілегін жолдап, оның тыңдармандарын қуантты.

"Ғажайып тұлға, заманымыздың аңызы, қазақ эстрадасының жұлдызы, ақсүйегі – Нұрғали Нүсіпжанов биыл 85 жасын және сахнада 65 жыл қызмет етуін атап өтуде. "Өз елім", "Теріскей", "Саржайлау" тағы да басқа, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан әндер! Нұр аға, аңыз Нұрғиса Тілендиевтің, вальс королі және еліміздің әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың, тарихта із қалдырған басқа да көптеген композиторлардың замандасы, шәкірті және олардың туындыларының орындаушысы.

Осы күзде, Құдай қаласа, Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Шымкентте мерейтойлық концерт өткіземіз, одан кейін елімізде, жан жақ қалаларда гастрольдік сапар жоспарлануда. Мен және менің командам үшін тарихты қозғау үлкен мәртебе. Біз дайындықты бастадық! Нұрғали ағамыздың өміріне сәттілік, ұзақ, бақытты жылдар тілейміз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971588-biz-daiyndyqty-bastadyq-zan-muqanov-nurgali-nusipzanovty-85-zasymen-quttyqtady/

pixel