Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 жылдан бері әндерімді тыңдайды": Карина Абдуллина тыңдарманының арманын орындады

Опубликовано:

Карина Абдуллина тыңдарманымен
Фото: Instagram/musickara

Әнші Карина Абдуллина өзі өнер көрсеткен мерекелік шаралардың бірінде ерекше жанкүйерімен кездесіп, оның арманын орындады. Марат есімді ер азамат 20 жылдан бері әртістің адал тыңдарманы екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Карина Абдуллина бұл қызықты оқиғасы туралы Instagram парақшасында айтып берді. Ол егде жастағы тыңдарманы өзімен кездескісі келіп, суретке түсуді армандағанын жеткізді.

Ер адамның қалауы орындалып, ол сүйікті әншісімен фотоға түскен. Азамат өнер иесінің алдында тізерлеп отырып, оның қолын алған.

"Бұл кісінің есімі - Марат. Бүгін мен тойда өнер көрсеттім, ал ол қонақ болып келді. Менімен суретке түсуді қалады. 20 жылдан бері менің әндерімді тыңдайтынын айтты. Ал бүгін оның арманы орындалды. Шығармашылық адамы үшін бақыт деген осы емес пе? Баршаңызға махаббатыңыз үшін алғыс білдіремін", - деп жазды Абдуллина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971595-20-zyldan-beri-anderimdi-tyndaidy-karina-abdullina-tyndarmanynyn-armanyn-oryndady/

pixel