"Сан тарау жолдарда бірге болдық": Абдуллин Әбдіжаппар Әлқожамен достығы қалай басталғанын айтты

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдуллин
Фото: Instagram/nurbullin

Әнші Нұрболат Абдуллин өнердегі және өмірдегі досы Әбдіжаппар Әлқожаға желіде жазба арнап, онымен достығы қалай басталғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, қос әнші Алматы қаласына бір уақытта арман қуып келген. Нұрболат Абдуллин досы екеуінің өнерге енді қадам басқан кезін есіне алды.

Ол Әбдіжаппарды туған күнімен құттықтап, өз тілегін жолдады. Оған қоса, Абдуллин досымен түскен мұрағаттық суреттерін де жариялады.

"Мен Жарқамыстан, Ол Жетісайдан келген жылдардан достығымыз басталды. Алматының кей көшелерінде біздің самса жеген, жаяу жүрген, жоспар құрған, армандаған, ән айтқан (қызға бармадық) күндеріміздің белгілері жатыр.

Сан тарау жолдарда бірге болдық. Адасып та кетер ме ек, десе де бірге шешім қабылдадық.

"Бұл менің досым ғой" деп айтатын ақкөңіл адалым! Бір басында "бекзадалағы" бар бауырым. Шейхтардай өмір сүретін шынары биік мырза жігіт. Еңсесі биік елдің еркесі 30-ға толды.

Досымжан айналайын мен саған тілекшімін. Ұрпағыңмен мың жаса. Әнің ғасырларды тербесін! Менің Жаппарым", - деп жазды Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971640-san-tarau-zoldarda-birge-boldyq-abdullin-abdizappar-alqozamen-dostygy-qalai-bastalganyn-aitty/