Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақ біреуге кеш, біреуге ерте келеді": Балжан Бидаш сәбилі болуға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш
Фото: instagram/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш желіде күйеуі Жахан Отарғалиевпен түскен жаңа суреттерін бөлісіп, балалы болуға қатысты пікір білдірді. Оқырмандар ерлі-зайыптыға перзент сүбді тілеуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Балжан Бидаш өздеріне жылы лебіздерін білдіріп жатқан көпшілікке алғысын айтты.

"Жігітіммен фото салмағалы көп болыпты. Директ, пікірлерді ашсам болды, халықтың бәрі бізге бала сүюді тілеп жатады. Тілекші болып жатқандарыңызға рахмет. Бақ біреуге кеш, біреуге ерте беріледі. Бала бағын күтіп жүрген әрбір жанұяға махаббат, сабырлық тілеймін. Бақытты болыңыздар", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға қолдау білдіріп, өз кеңестерін де айтты. Бірі оларға қасиетті жерлерді аралап, дұға тілеуді ұсынды.

"Бәрі де алда. Еш уайымдамаңыздар", "Бұйыртса әлі көп балаларыңыз болады", "Түркістанға барып, қасиеттерді жерлерге барып, құран бағыштап ата-бабаларға, Алладан баланы сұрап келсендер шын ниетпен бала бұйырса болады", "Сендерге перзент нәсіп етсе екен. Ойламаған жерден береді екен", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971781-baq-bireuge-kes-bireuge-erte-keledi-balzan-bidas-sabili-boluga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel