Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей қоныс тойын дүркіретіп атап өтті (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей
Фото: Instagram/abai_begei

Әнші Абай Бегей екі жыл бойы салған зәулім үйіне көшіп, үлкен қоныс тойын жасады. Өнер иесінің қуанышына жақындары мен өнердегі достары келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абай Бегей өз туған күні мен қоныс тойын бірге атап өтуді жөн көрген. Әртіс үйінің ауласында дастархан жайып, барша жақындарының басын қосқан.

Құрметті қонақтарға түрлі ас ұсынылып, отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Әншінің қуанышына ортақтасып келген жұлдыздар арасында Қайрат Нұртас, Гүлзира Айдарбекова, Асхат Тарғын, Айгүл Қосанова, Төреәлі Әлиханов және тағы да басқалары болды.

Өнер өкілдері Абай Бегейді құттықтап, өз ән-шашуын тарту еткен. Меймандар керемет кештің видеоларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісті.

Желі қолданушылары да құттықтаулар легіне қосылып, әншіге жылы лебізін білдіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971969-abai-begei-qonys-toiyn-durkiretip-atap-otti-video/

pixel