Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірімнің жап-жарық махаббаты": Әбдікәрімова ата-анасына әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасымен
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде ата-анасына жазба арнап, оларға деген ыстық махаббатын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Әбдікрәмова анасын туған күнімен құттықтап, оған өзінің ақ жарма тілегін жолдады.

"Анашым, асылым, өмірімнің жап-жарық, тұп-тұнық махаббаты. Жаңа жасыңызбен! Алла екі дүниелік бақытты нәсіп етсін. Бізді баққаныңызбен қоймай, біздің балаларымызды да бағып жүрсіз, Алла сізге күш-қуат берсін. Әкем екеуіңіз бейнеттеріңіздің зейнетін көріңіздер", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары да актрисаның құттықтауына қосылып, оның анасына жылы лебізін білдірген.

"Жүз жасаңыз. Жұлдыздай қызды туып, тәрбиелеген сіз мықты әйелсіз", "Бала-шағаңыздың қызығын көре беріңіз", "Туған күндеріңізбен. Бақытты болыңыздар", "Анаңыз қасыңызда ұзақ жүрсін", "Құттықтаймыз. Отбасыларыңызда қуаныш бола берсін", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972051-omirimnin-zap-zaryq-maxabbaty-abdikarimova-ata-anasyna-aserli-zazba-arnady/

pixel